27.07.2021 в 15:24

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ӨРШІП ТҰР

Демалыс күні дерт жұқтырғандардың 441-і симптоммен, 79-ы симптомсыз тіркелген. Оның ішінде 233 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 287 адам үй бақылауына алынған. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 18 жасқа толмаған балаларда көп.

Айгүл Тұрымбетова - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Сол ауырғандардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 13 пайызды құрап отыр. 71 бала ауырған. Балалардың арасында көп тіркеліп жатыр. 

Қаладағы қоғамдық көліктерде сақтық шаралары солқылдап тұр. Аурудың өршіп жатқандығын біле тұра бетперде тақпайтын тұрғындар көп. Бұл олқылықты автобуспен жүретін  шымкенттіктер күнде көріп жүр. Одан кейін жасырын тойға баратындарда карантиндік талаптар сақталмай жатқанына куә бола алады. Ауру салмағы басына тиіп жатсада ортақ талапқа жүрдім бардым қарайтындар көп.

Айгүл Тұрымбетова - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Содан кейін тоқтамай жатқан қазақтың той-думаны.  Оларға әкімшілік шаралар қолданылып жатыр.

Қала аумағында санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері 656 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.