Аудан әкімі алдымен социалистік еңбек ері Оңалбек қарияның үйіне ат басын бұрды. Ел үшін еңбек еткен жанға арнайы құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Айтып өтейік, бүгінгі жарқын болашақ үшін маңдай терін төккен жан бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр.
Одан кейін аудан әкімі бастаған топ Балтакөл ауылына барды. Онда қазыналы қос қария тұрады. Оның бірі жасы жүзден асқан Үкібай ақсақал болса екіншісі «Алтын алқалы» ардақты ана Сәлима әжей. Үкібай қария 3 ұл, 4 қыз өсірген. Солардан қазір 50 немере, 80 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Бүгінде ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отырған ардагерлерге аудан әкімі де құрмет көрсетті.