22.10.2021 в 22:36

ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ

Шымкентте санақтан өтуге арналған 155 бұрыш бар. Солардың бірі №52 мектеп-лицейінде орналасқан №23 санақ учаскесі. Бұл учаскеге қарасты 1943 үй тіркеліпті. Бүгінде санақшылар оның 750-ін аралап шыққан.

Қарлығаш Әбілқасымова - №23 санақ учаскесінің бақылаушы-нұсқаушысы  

Офлайн санақ түрі көбінде кешкі уақытта жүргізілуде, дейді санақшылар. Жұмысбасты қалалықтар үшін қас қарайған сәтке дейін жұмыс жасауға тура келмек. Тіпті, бұл жұмыстар сенбі, жексенбі күнге дейін жалғасуда.

Ләззат Сапарбекова – Шымкент қаласының тұрғыны

Миллионды қала тұрғындарының бүгінде 27,5 пайызы онлайн санақтан өткен. Ал, дәстүрлі санақ барысында 404 666 азамат  тіркеліп, жалпы қалада ұлттық санаққа  қатысқан халықтың үлесі 64,3 пайызды құрап отыр. Айта кетейік,  қаладағы  Қаратау, Абай аудандары санақтан өтуде көш басында келеді.