Мәжіліс Спикері Қазақстан басшылығының Польшамен жан-жақты серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Өз кезегінде, Польша Сенатының Маршалы екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара көмек негізінде құрылғанына тоқталып, Қазақстан 100-ден астам түрлі этностардың үйіне айналғанын айтты. Сондай-ақ, Томаш Гродзкий поляк парламентшілерінің Қазақстан мен барлық салада ынтымақты дамыту үшін тқажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.