12.11.2021 в 22:59

ҚАЗАҚСТАН 2022 ЖЫЛЫ ТМД-ҒА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕДІ

ТМД елдерінің «пандемиядан кейінгі даму»  күн тәртібіне көшуі барысына тоқталды.  Мәселең,  Халықаралық валюта қорының соңғы болжамдарына сәйкес, ТМД-ның барлық экономикалары 2021-2022 жылдары өндірістің пандемияға дейінгі көлеміне жетеді. Үкімет басшысы қазірдің өзінде достастық кеңістігіндегі сыртқы сауда көлемі өсіп  келе жатқанын айтады.   Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында ТМД шеңберіндегі Қазақстан тауар айналымы 20 млрд долларға жетіп,  27% пайызға  өсім байқалған. Онлайн жиында ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың жан-жақты мәселелері талқыланды. Үкімет басшыларының кезекті кеңесін  келер жылы  мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отыр.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ   // АУДАРМА // 

ТМД елдерінде баламалы көлік бағыттарына сұраныстың артқанын биылғы жылдың алғашқы 9 айында ҚХР – ЕО бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемінің шамамен 40%-ға өсіп, 600 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентке жеткен. Осы орайда аграрлық Өнеркәсіптік кешен  өнімдерін өзара бірлесіп өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару жұмысын күшейту қажет. Трансшекаралық хабтар мен көтерме-тарату орталықтарына сүйене отырып, Бірыңғай тауар өткізу желісінің әлеуетін іске асыру аталған жұмыстың маңызды бағыты болуы тиіс.