30.11.2021 в 23:21

2021 ЖЫЛЫ ҚАЛА БЮДЖЕТІ 103 МИЛЛИАРДҚА АРТҚАН

VII шақырылған қалалық мәслихатының кезекті сессия отырысында алдымен сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Баяндамашының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне 6 млрд теңге қосымша қаржы қарау туралы ұсынысы бір ауыздан қолдау тапты.

Рахымберді Мулкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов ағымдағы жылдың 10 айында қол жеткізген көрсеткіштерді атап өтті.  Өнеркәсіп өнім көлемінің индексі    6,7 пайызға, ауыл шаруашылығы 1,2 пайыз, инвестиция көлемі 41,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 11,8 пайызға, бөлшек сауда көлемі 9,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 23,7 пайызға артқанын мәлімдеді. Мұрат Дүйсенбекұлының сөзінше, жоспар бойынша биыл 6 716 пәтерлі  115 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға беріледі.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

4:36-5:21 Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 400 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды.  Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, 25 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімі Шымшаһардағы білім, спорт, денсаулық, инфрақұрылым мен мәдениет саласындағы оң өзгерістерді де атап өтті. Шымкент мегаполис болғалы бюджет көлемі 4 есеге артты. Ағымдағы жылдың басында бекітілген бюджет 388 млрд.теңге болса, қазір 491 млрд.теңгеге жетті, яғни бір жылдың ішінде қала бюджетінің көлемі 103 млрд.теңгеге ұлғайды, - деді Мұрат Әйтенов.  Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 25 пайызы даму жобаларына бөлінген. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін тапқандығын айтып, шаһар басшысы осы ретте қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс атқарып келе жатқан мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Қалада атқарылған жұмыстардың негізгілерін баяндап өттім. Дана халқымыз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қаланың тыныс тіршілігіне белсенді атсалысып,  әкімдіктің әрбір бастамасына қолдау көрсетіп келесіздер. Осы сәтті пайдаланып, тәулесіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында баршаларыңызға алғыс айтамын, істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға береке тілеймін.