Мемлекет басышысының Жарлығымен Биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланғаны белгілі. Президент бұл тағылымды датаны тойлап қана қоймай, жаңа мемлекет құруға ат салысу керек екенін мәлімдеген еді. Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» орнату жолындағы саяси реформалардың жемісін атап өтті.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
Алыс-жақын болашақтағы басты бағдар тәуелсіздік болып қала береді, - деді әкім Әйтенов. Ал осы күнге дейін ел үшін ерен еңбек еткендер елеусіз қалмады. 16 азамат «Халық алғысы және «Белсенді қызметі үшін» төс белгісін тағынды. Ел партиясының өңірдегі филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева «Халық алғысы» медаліне ие болды. Қызметіне қырағы, жұмысына жауапты Жанар Әлібекқызы: «бұл марапат бізге жауапкершілік жүктейді» дейді.
Жанар Бектаева – «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Данабек Исабеков – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің иегері
Мерейлі дата қарсаңындағы бұл марапаттар халықтан алған алғыс іспетті. Кеудесіне «Халық алғысы» медалін тағынғандар сапында е депутат Дария Қожамжарова да бар. Қуаныш иесі төртінші онжылдықта ауыр белестерді ел болып еңсеріп, жемістер еселене түсетініне үміт білдірді.
Дария Қожамжарова – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Халық алғысы» төсбелгісінің иегері
Білімнің шырағын жаға жүріп, депутаттық корпусқа жүктелген ауыр жүкті жауапкершілікпен атқарған депутат - Альбина Елшиева да марапат төрінен көрінді.
Альбина Елшиева - Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің иегері
Мерекелік шарада сондай-ақ, түрлі сала қызметкерлері партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.