29.12.2021 в 23:45

КОРОНАВИРУС ҚАУІПІ ӘЛІ СЕЙІЛГЕН ЖОҚ

Қаланың бас санитариялық дәрігерінің қаулысы қауқарсыз болып тұқ. Шектеулер  сөз жүзінде, санитариялық талаптар аяқ асты қалуда. Қоғамдық көліктер, тамақтану орындарында санитарлық талаптар орындалмай келеді. Әсіресе тойханаларда тәртіп сақтала бермейді. Осыған байланысты санитариялық дәрігерлер сақтық шараларын тағыда ескертеді.

Алдарқұл Ахметов - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Аумағына қарай отыратын адам саны 50 пайыздан аспау керек. Адам саны 50 адамнан аспау керек. Егер олар ашық жобасына қатысатын болса олар толтыруы 50 пайыздан адам саны 70 адамнан аспау керек. Ал енді қоғамдық тамақтану орны жобаға қатысып тек ғана жасыл статусты қабылдайтын болса 100 адамға дейін қабылдауға болады.

Кешегі күннің өзінде мегаполисте қауіпті індетпен 3 адам тіркелген. Өткен аптада  жалпы күніне  7-8 адамнан каронавирус инфекциясы анықталған. Індеттің оңтустік африкалық штампы қазір бүкіл еуропа елдерін дүрліктіруде. Тез таралатын бұл штапм көрші Ресейгеде келіп қалған. Сондықтан босаңсуға жол жоқ.

Алдарқұл Ахметов - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қала тұрғындарына әліде босаңсуға болмайды. Адам шоғыры көп орындарға бармау керек. Той тұмалақты мерекелік корпаративтерді өткізбеуіміз керек.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша елімізде 17 361 адам каронавирус инфекциясынан емделуде.Олардың ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус инфекциясынашалдыққандардың арасында  211 адамныңжағдайы ауыр. 71 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.