31.12.2021 в 23:48

Жалындағы жарықтың мәселесі шешілді

Шаһар шетіндегі шағынауданның қордаланған өзекті мәселесін шешуге қала әкімінің өзі араласқан соң, өткен жылдың желтоқсанында құрылыс басталып кеткен болатын. Қыс ауасына қарамастан жалғасқан жұмыс биылдың қарашасында аяқталған. Бүгінде тұрғындардың пайдаланған электр энергиясына төлем жүргізу үшін тиісті құжаттары жиналып, үйді-үйді мемлекеттік қуат көзіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ғаламат Батырбеков – «Ынтымақ бес арыс» ЖШС өкілі

Жалындықтар жиырма жылдан бері жекенің трансформаторын пайдаланып келеді екен. Бастапқыда жарықтың бағасы он тоғыз теңгеден басталып, бүгінде 30 теңгеге бірақ жетіпті. Соңғы уақытта бірден көтерілген қуат бағасы халықтың қытығына тиді, дейді тұрғындар. Осы орайда, жаңа жылды сапалы жарықпен қарсы алғысы келген ағайын, өздері қосымша электр мамандарын шақыртуды жөн көріпті.  

Сәкен Балабасов – Жалын шағынауданының тұрғыны

Жалын бойынша 1290 үйге жарық жүйелері тартылған. Осы орайда, жаңақұрылыстағы үйлерде назардан тыс қалмапты. Айта кетейік, биылғы жылы қаланың 16 елдімекенде электр қуатын тарту жұмыстары жүргізіліп, оның 7-еуіндегі құрылыс аяқталып, тапсырылып жатыр.

Боранбай Булатбеков - Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы

Жалын шағынауданымен қатар, ағымдағы жылы Достық, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл елдімекендеріне сапалы жарық жетті. Ал, қазіргі таңда электр жүйесі тартылып жатқан  9 шағынаудандағы жұмыстар, келесі жылға қалдырылып отыр. Бұл тірліктер тәмәмдалса, миллионды қаладағы жарықтың мәселесі түбегейлі шешілмек.