10.01.2022 в 18:39

Бүгін - жалпыұлттық аза тұту күні

Шымкентте мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғимараттарындағы көк туымыз төмен түсірілді.Шахардағы жағдай жергілікті тәртіп сақшылары мен күштік құрылымдардың толық бақылауында. Мегаполистегі жағдай тұрақты. Қаладағы өртеңген ғимараттар мен бүлінген мүліктерді  қалыпқа келтіру бағытында Бас комендант пен Қала әкімі басшылығы тарапынан жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Елімізде осымен 11 рет туымыз төмен түсті. Алғаш рет 2006 жылы Қарағанды шахтасында 41 кеншінің қазасына байланысты қаралы күні жарияланған болатын. Ал, бұған дейін өткен жылы 13 шілдеде жалпыұлттық аза тұту күні қауіпті кеселден қайтыс болған отандастарымыздың отбасыларына қайғыра көңіл айтқан едік. Араға алты ай салып қаралы күнді қайта белгілеп отырмыз.