12.01.2022 в 18:45

Қалада коронавирус өршіп тұр

Шымкентте дәл бүгін  766 науқас аты жаман аурудан емделіп жатыр. Оның ішінде 157науқасстационарда.  609 адам  үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 221 жағдайы тіркелді. Аурушаңдықтың артуы мегаполиске үлкен қауіп тудыруда –дейді басқарма басшысы.

Бақытжан Позилов - Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Бар жоғы кешегі таңда 700 дей адам птр тестін тапсырса соның 221-де табылып отыр.

Дәрігерлер каронавирусты жеңудің жалғыз жолы вакцинация –деп дабыл қағуда. Екпесі бар адам ауру жұтырсада дертті тез жеңеді. Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен  592 986 адам, 2 – ші компонентпен- 576 817 адам егілген. Екінші екпеден кейін алты ай өткен адамдар ревакцинация жасату керек.  2021 жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар,жүкті және бала емізетін әйелдердің "Pfizer-BioNTech" вакцинасымен вакцинациялау басталды."Pfizer-BioNTech"вакцинасының 1-ші компонентін 17 663, 2-ші компонентін 7 850 адам салдырған. Басқарма басшысы Бақытжан Позилов бұл милионды қала өте төмен көрсеткіш екендігін атап өтті.

Бақытжан Позилов - Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Шымкент қаласындағы қалалық инфекциялық орталығында 65 жүкті әйеліміз жатыр.

Шымкенттіктер соңғы уақытта сақтық шараларына салғырттық танытуда.Бұлда ковид көрсеткішінің күрт көтерілуіне себеп болып тұр. Естереңізге сала кетейік 2021 жылы қалада 37 610 адам коронавирус жұқтырған.  35 605 емделіп шығып, 1 265 адам каронавирустан қайтыс болды.