Шымкентте халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бойынша ешқандай тапшылық жоқ. Күнделікті тұтынатын, нан, ет, сүт, ұн, көкөніс, қант-шай қала аумағында жеткілікті деңгейде. Бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.
Әбунасыр Жанбатыров – Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.
Ұлболсын Наурызбаева - саудагер
Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Басты мақсат - халықты сапалы және қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз етуболып табылады. Айта кетейік, бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ. Ал қолдан қымбатшылық жасайтындарға заң аясында шара қолданамыз дейді,-жауаптылар.