01.02.2022 в 19:17

Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ БҰРЫНҒЫ ТӨРАҒАСЫ

Осы уақыттың ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, халқымызға қажетті заңдар қабылдау жолында бірлоесіп еңбек еттік. Маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, қолдау көрсеткен үшін алғымызды білдіремін.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен парламент мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Қошановқа берілді. Осыдан  кейін депутаттар Ерлан Жақанұлын парламент мәжілісінің төрағасы етіп сайлады. 59 жастағы Ерлан Қошанов бұған дейін  Азаматтық авиация комитетін, Премьер-министрдің кеңсесін басқарған. Қарағанды облысының әкімі әрі 2019 жылдан бүгінге дейін президент әкімшілігі басшысының қызметін атқарған.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Өмір жолымның бірқатар уақыты осы парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында осы абыройлы жұмысты жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент мәжілісіне жетекшілік ету деген ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен мемлекет басшысының алдындағы үлкен жауапкершілік.