18.02.2022 в 21:34

Көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті

Іс-шараның мақсаты айқын. Қазақ тілінің  қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін дамыту, көркем әдебиетті насихаттау. Сондай-ақ, халық арасынан талантты жастарды тауып, олардың өнерге баулуды талап еткен.

Дәурен Болыс-Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры

Байқауға қатысушылардың бірі – Әсел Батырхан. Өнер мен әдебиетке деген қызығушығылының арқасында осында келген.  Бұл додаға арнайы үш шығарманы оқуға дайындалып келіпті.

Әсел Батырхан – үміткер

 Сайыста 3 кезек бйоынша сынға түстім. Әдебиет жаныма жақын. Бүгін мен Александр Беляевтың «Адам-балық» шығармасынан үзінді оқимын.

 Шара барысында үміткерлер әлемдік классикалық әдебиет үлгілерінен үзінді оқыды. Қазақ әдебиетінің саңлақтары мен оңтүстіктік ақын-жазушылардың шығармаларын нақышына келтіріп оқыды. Бұл-сайыстың талабы. Әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтау барысында қатысушының мәтін таңдау және тіл тазалығына талғаммен қарады. Дауыс мәнеріне мен образы мен көркем мәтінді оқу шеберлігіне мән берді. Сайыс соңында өзгеден оқ бойы озып шыққандарға құрмет көрсетілді.