Наурыз мерекесі - өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрек адамдарды табыстыратын қасиетті мейрам. «Бірлік болмай, тірлік болмас», - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз – еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. «Теңдік пен кеңдік салтанат құратын мейрамда Жаңа жылды жарқын пейілмен жоғары дәрежеде тойлау – біздің парызымыз» дейді,- Гүлнағира Сералиева.
Гүлнағира Сералиева - Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бұл той бұрынғы тойлардан өзгерек болмақ. Айтулы шараның өз деңгейінде өтетініне басқарма басшылары бек сенімді. Шығармашылық ұжым Шымкент қаласында қазақтың ұлттық ойындары да салтанат құрып, әр күнге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырудамыз дейді.
Демеуғали Бахов – Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары
Наурыз - Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Түркияда, Тәжікстанда, Иранда, Әзербайжанда, Албанияда, Ауғанстанда, Ирактың Күрдістанында, Үндістан және Македонияда мемлекеттік мереке болып табылады. Оны Татарстан, Башқұртстан, Қытай және тіпті Жапонияда да «жергілікті деңгейде» атап өтеді. Ал 2010 жылдан бастап Наурыз Грузияда ұлттық мереке болып жарияланды