01.02.2023 в 12:50

ҚАЛАЛЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХLVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХLVI конференциясы өтті.

Конференция жұмысын филиал төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізді.

Жиын күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясыны Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Одан әрі, партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімі таныстырылды. «AMANAT» партиясының ХХV Съезіне делегаттар сайланды.

Конференция жұмысына партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының 30 мыңға жуық мүшесі бар.