11.07.2022 в 11:18

Шымкентте тұрғын үй жәрмеңкесі өтті

Құрылыс компаниялары қала тұрғындары мен қонақтарын өздері салған тұрғын үйлермен таныстырды. Орташа бағаны есептеп тұтынушыларға ыңғайлы болатындай пәтерді ұсынды. Ұнатқандар Отбасы банкі кеңесшілерімен ақылдасып, онлайн өтініштерін де тастап жатты. Салаға жауаптылардың айтуынша бүгінде баспаналы боламын дегендерге түрлі бағдарламалар қызмет етуде.

Сонымен қатар үшінші мегаполисте түрлі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталып кеткен. Қазірдің өзінде 25 000 азамат өтініш қалдырып үлгерген. Ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 5 мыңнан астам отбасына кредит беруді жоспарлап отыр. 51 млрд теңге көлеміндегі қаражат Отбасы банкке түсіп те қойды. Одан бөлек баспананы жалдауды субсидиялау бағдарламасы бастау алып, қазірдің өзінде бір ғана Шымкенттен 1153 азаматтың өтінішін мақұлдаған.

Баспаналы болғысы келгендердің қатарында Ерғали Қаржаубаев та бар. Жәрмеңкеге арнайы келіп, ұнатқан үйін қарап жүр. Мұғалім болып жұмыс істейтін азамат, Отбасы банк арқылы үйлі болсам деген ниетте.

Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк қызметкерлері 2 000 қарыз берді. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлауына мүмкіндік береді. Шахар тұрғындары жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін банкте тағы 18 мың жаңа салым ашқан. Отбасы банктің жинақтаушы шоттарына деген мұндай сұраныс қарыздар бойынша мөлшерлемелердің қолжетімділігімен түсіндіріледі, -дейді компания өкілдері.