Ұлттық мәдениет пен қазақи дәстүрдің көркі болған қолөнер саласы үшінші мегаполсите қанат жайып, қарыштап дамып келеді. Шеберлер ұсынған түрлі қазақи нақыштағы бұйымдар мен киім кешектер келушілердің назарына ұсынылды. Олардың өнімдерін дәріптеп, насихаттасау туристік әлеуеттің дамуына да қосар үлесі зор болмақ дейді ұйымдастырушылар.
Мобильді арбат жәрмеңкесі бұған дейін сәуір айында өткен. Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан шараға өз өнімдерін ұсынған қолөнершілердің саны 40-қа жуықтаған. Солардың бірі сүйікті ісін кәсіпке айналдырған Зейнепкүл Ахметова. Қолөнермен айналысып жүргеніне 5 жыл болған.Қазақтың тақиясы мен сәукелесін, қыз жасауы мен құрақ көрпе тігіп, сапалы бұйымдар шығаруда.
Клаудия Вареля Колумбияның мемлекетінің Кали қаласының тұрғыны. Қазақстанға алғаш рет келуі. Шымқалаға жұмыс сапарымен келген қадірлі қонақ қолөнершілердің бұйымдарына қызығушылық танытыпты. Шымшахардың мәдениеті мен қонжайлығына, тағамы мен ауа райына дейін тәнті болғанын айтады.
Мұз айдыны ғимаратының алаңында өткен шараға келгендер, жәрмеңке аяқталысымен тегін кино да көрді. Салаға жауаптылар жәрмеңкені енді әр маусым сайын әр түрлі мекен-жайда өткізуді жоспарлап отыр. Қазақи нақыштағы төл туындыларды сатып алып, қолөнершілерге қолдау көрсетуге шахар тұрғындарын да шақырады.