22.07.2022 в 11:38

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының алғашқы отырысы өтті

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтар талқыланды.Яғни, «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған үндеуіне басымдық берілді. Сонымен қатар, келешек ұрпақ айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағыт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерге кеңінен тоқталды.Президенттің жастарға жолдаған үндеуі әр өскелең жастың өмірлік басты ұстанымына айналуы тиіс дейді,- Мұрат Жолдыхожаев.

Айта кетейік,жиын барысында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты.Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаты, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының көшбасшылары және тағы басқалар қатысты.