02.02.2023 в 16:38

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Берік Беркімбаев бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарған 

Фото: Владислав Воднев

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Беркімбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Берік Беркімбаев бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған.