02.02.2023 в 17:24

№28 «Гаухар» балабақшасының ұжымында кездесу өтті

"AMANAT" партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек, ерекше күтімді талап ететін балаларды тәрбиелейтін №28 "Гаухар"  балабақшасының ұжымымен кездесті.

Басқосуда спикер былтырдан бері елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалар жайлы кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру үшін  салада мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, тәрбиешілер көтерген мәселелерге жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.