06.02.2023 в 09:27

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Берік Беркімбаев қызметінен босатылды

Фото: Sputnik.kz

Салауат Мүксімов мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Берік Беркімбаев қызметінен босатылды.