06.02.2023 в 10:31

Наурызда Астанадан Бейжіңге рейстер қайта ашылады

Рейстер A321LR авиалайнерінде орындалады

Фото: Владислав Воднев

18 наурыздан бастап Астана мен Бейжіңге рейстер қайта ашылады. Ұшақ сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады.

Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, жазда рейсер саны көбейеді.

Рейстер A321LR авиалайнерінде орындалады.

Сондай-ақ 2 наурыздан бастап Алматы – Бейжің арасындағы ұшақтар аптасына 4 рет ұшады. Жазда күн сайын ұшу жоспарланған.

Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді Airbus a321lr және Airbus A321neo ұшақтары орындайды.