Кездесуде қала тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін жолға қою, экологиялық жағдайды жақсарту, зейнет жасын төмендету, азық-түлік бағасын бақылау және кейбір дәрі-дәрмектерді тегін беру бойынша, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыру, бизнесті дамыту, жалақы және тағы да басқа түйінді мәселелер төңірегінде ұсыныстар берді.
Айта кету керек, заңнамаға сәйкес қазіргі таңда партияның Қоғамдық қабылдау бөлімдері азаматтардан ұсыныстар мен тілектерді жинау мен талдауды ғана жүргізеді, өзге қызметтер тоқтатылды.