08.02.2023 в 17:05

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ТЫҢДАДЫ

Аманаттықтар Шымкент тұрғындарымен жүздесіп, ұсыныс-тілектер жинауды жалғастыруда. Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен  «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында кезекті кездесу спорт кешенінде өтті. Жүздесуге «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Еспанов қатысты.

Партиялық жобаның басты мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешу және әлеуметтік жоспардың өткір әлеу­меттік проблемаларына көмек көрсету. Жиын барысында талқылаулар болып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Сонымен қоса, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық Саяси кеңесінің мүшесі «3-Энергоорталық" АҚ ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында қаладағы жылу маусымы қалыпты өтіп жатқаны айтылды. Қызметкерлердің ұсыныстары жинақталып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.