Абай аудандық филиалдың белсенділері мектепке дейінгі білім беру мекеме өкілдерімен жүздесті. Кездесуде қала тұрғындарын толғандырған сауалдар мен ұысыныстар тыңдалды. Айтылған ұсыныстар аудандық партия филиалы тарапынан тіркеуге алынды.
Сонымен қоса, «AMANAT» партиясының Еңбекші аудандық филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Жүздесу барысында әлеуметтік мәселелер талқыланып, ұсыныстар жинақталды.
Алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша аудан тарапынан жұмыстар жүргізіледі.