Кездесу барысында Шымкент қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзара сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар, алдағы уақытта болатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қарсаңындағы ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді.
Кездесу соңында Алма Архабаева жас кәсіпкерлерге алдағы жоспарлары мен жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биылғы 19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.