Қазақстанда бір тәулікте 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
13 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 663 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр жағдайда жатыр.
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.