Жиында ардагерлер өз тәжірибелерін бөлісті, жастарға кеңес берді. Патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтты. Кездесу соңында жастарға ақ батасын берді.
Шымкентте бүгінде Семей ядролық полигонының 600-ден астам ардагері тұрады. Қазіргі уақытта ардагерлерге мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп келеді.
Айта кетейік, «Қайсар» әскери-патриоттық жобасының мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық рух қалыптастыру, Отанға адал, жауапкершілігі жоғары, қайсар жастарымыздың басын бір ортаға қосу.