Елбасы туралы конституциялық заңның күшi жойылды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заңға қол қойды.
2022 жылғы маусымда республикада референдум қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың арасында Ата заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы барлық бапты алып тастау туралы өзгерістер де болды.