24.02.2023 в 17:21

Сауда орталықтарына үнпарақтар таратылды

Бүгін Шымкент қаласындағы 𝗠𝗘𝗚𝗔 𝗣𝗟𝗔𝗡𝗘𝗧 сауда орталығында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша қала тұрғындарына сауал қою арқылы ашық микрофон іс-шарасы өтті

Аталған іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Абдукаримов Мақсат Серікұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Позылов Бақытжан Жолдасбекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы және белсенді жастар үгіт-насихат парақшаларын  тарата отырып, сауалнама жүргізді.

Үміткерлер үнпарақтар тарату барысында тұрғындардың ұсыныс-тілегін тыңдап, оның партияның сайлауалды бағдарламасында бар тұстарын жіті түсіндірді.