29.01.2015 в 10:34

Юзеф әл Сәләфи мойындады

«Ислам мемлекеті» ұйымы жетекшілерінің бірі бүгінге дейін АҚШ-тан қаржылай көмек алып келгенін мойындады. Бұл жөнінде пәкістандық «Трибьюн» газетінде жарияланды, деп хабарлайды.

22 қаңтар күні Пәкістанның Лахор қаласында сотталған Юзеф әл Сәләфиді тергеу кезінде Сирияда лаңкестік актілер ұйымдастыру мақсатында Пәкістанда лаңкестік топ құру үшін және жастарды осы топқа тарту үшін АҚШ үкіметінен қаржылай көмек көрсетілгенін мойындаған. Оның айтуынша, топ құрамына жаңадан алынған әрбір адамға 600 доллардан төленген.

«Жалпы, «Ислам мемлекеті» ұйымы бастапқыда АҚШ-тың қаражатына құрылып, ұйым мүшелерінің сан мыңдаған адамға артуына тікелей ықпал етті. Ондағы мақсаты – Ирак және Сириясынды ислам елдерін ішінен күйретіп, өз үстемдігін орнату еді», - дейді Юзеф әл Сәләфи.

Bnews.kz