29.01.2015 в 12:09

Әбдібеков Әбдішевтей емес

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі @nka30332 атты твиттер-аккаунттың жалғандығын хабарлады. Аталған әлеуметтік желідегі баспасөз қызметінің аккаунты оның облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке ешқандай қатысы жоқ екенін жазды.

Н. Әбдібеков өткен жылдың маусым айында тағайындалған болатын. Оған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев твиттерде өте белсенді болған. Бәлкім содан кейін шығар,  баспасөз-қызметі халық жалған аккаунтқа сеніп қалмасын деп хабарланып отыр.

.