29.01.2015 в 18:45

Дархан Қалетаев велоспортты қолға алды

Бүгін Астанада Қазақстан велоспорт федерациясының есептік-сайлау мәслихаты өтті, оның барысында федерация президенті Қайрат Келімбетовтің өкілдігі алынып тасталып, қоғамдық ұйымның жаңа басшылары сайланды. 

«Қазақстан велоспорт федерациясының президенті қызметіне Дархан Қалетаев келсе, бірінші вице-президент болып Райымбек Баталов, вице-президенттер болып Александр Винокуров, Зүлфия Забирова және Аманбек Құлшықов сайланды», - делінген федерацияның баспасөз парақшасында.

Еске сала кетейік, ҚР велоспорты федерациясының бұрынғы президенті Қайрат Келімбетов бұл қызметтен 2015 жылдың қаңтарында кететіні жайлы мәлімдеп, оған себеп ретінде өзінің негізгі жұмысындағы жұмысбастылығын айтты.