Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да шағымы тыңдалды. Ономастика тұрғысынан байырғы тарихи жер су атаулары жаңа көшелер мен орамдар атауларын қойғанда ескерілсе деген өтініші қаралып, алдағы уақытта назарға алынатын болды.
Тұрғын үймен қамту және жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтармен жүгінген тұрғындар да мазалаған сауалдарына жауап ала алды.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артуда. Өткен жылы партияға 10 мыңға жуық адам әр түрлі жағдаймен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 887 өтініш жасалған.