04.04.2023 в 21:59

Паспорт пен жеке куәлік алу құны төмендейді

Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт алу арзандайды.  Балалар мен жасөспірімдер енді 14 мың теңге төлеп, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ала алады. Бұрын бұл ставка екі есе көп еді. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мемлекеттік баж бойынша төлқұжаттар мен жеке куәліктер қашан берілетінін мәлімдеді.

Күнту Арынбек

тілші  
-    Паспорт бергені үшін ставкалар 8 айлық есептік көрсеткіштен 4-ке дейін төмендетілді. Яғни, енді балалар мен жасөспірімдер 13 800 теңге төлеп, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ала алады.
 
Ал 16 жастан асқан азаматар 36 беттік паспорт алу үшін  – 8 айлық есептік көрсеткіш, яғни 27 600 теңге; ал 48 беттігін алу үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш, 41 400 теңге төлейді.

Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балаларға) паспорт бергені үшін мөлшерлеме:
4 АЕК (13 800 теңге).
Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер:
36 бет  – 8 АЕК (27 600 теңге);
48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге).


Күнту Арынбек
тілші  

-    Қазақстан азаматының жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтқандар төлейтін айппұл мөлшері де белгіленді. Ол - 1 АЕК, яғни 3450 теңге. Айта кетейік, бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Күнту Арынбек