Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасында еліміздегі басты спорт түріне баланып жүрген боксты дамыту үшін қалалық бокс федерациясының жаңа президенті сайланды. Бір ауыз дауыспен Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бокс федерациясының президенті болып сайланды.
Бокс федерациясының жаңа басшыларының алдында ең басты спорт додасы Париж олимпиадасына қатысып, медаль үшін күресу бол тұр. Осы мақсатта федерацияның жаңа құрамы таныстырылды. Алдағы уақытта, Муфтулла Қонақбаев, Шыңғыс Қозыбақов және қалалық бокс клубының басшысы Заңғар Қасқаевтар орынбасар болып қаламыздағы боксты бірге дамытатады. Ең жауапты жарыс мамыр айында Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатында және алдағы жылғы Париж олимпиадасында лайықты тұрғыда өнер көрсетіп медаль жеңіп алу боп тұр. Бахадыр Нарымбетов бокс спорты ұлтымыздың даңқын асырған дамушы спорт түрі екенін, спортшылар олимпиада ойындарынан медальсіз қайтпағанын айтып қалды. Сондықтан, оны кәсіби тұрғыда дамытып, спортшылардың жағдайын жасаудың жолдарын қарастырады екен.
Халықтың жанына жақын жекпе-жек мегаполисте қарқынды дамып келеді. Осы тұрғыда 1307 боксшы кәсіби тұрғыда арнайы бокспен айналысады. Оның 2 ҚЕССШ. 5 ХДСШ, 54 СШ. Қазіргі таңда, Шымкент қаласынан Махмұд Сабырхан, Серік Абзал, Жайна Шекербекова, Шолтай Фариза Париж олимпиадасына үміткер боп отыр. Алдағы кезде қаладан заманауи үлгідегі дарынды балалардың спорт интернатын салу жайы талқыланды. Ұлттық құрамаға мүше спортшылардың дайындығы барысында орын алатын мәселелер жайлы жерлесіміз әйелдер құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин өз ойын ортаға салды. Алда боксшылардың жағдайлары, дайындық кезінде жасалатын шаралар туралы арнайы жиын өтетін болады. Оған даңқты боксшыларды қатыстырып тәжірибесімен бөлісу жайы да сөз болды.