07.04.2023 в 23:19

Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті

Шымкентте қанша азық-түлік қоры бар? Бұл сұраққа қала бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті арнайы мәлімет берді.

 

 Жеміс-жидек, көкөніс өнімдері шаһардың 25 нүктесінде саудаланып жатыр екен. Олар Айна, Көктем, Акбар, Жабық базар, Орталық жоғарғы базар, т.б. сондай-ақ, Алаш, Көктем базарларында және кері схема бойынша Грамад сауда желісінің 18 сауда нүктесі жұмыс істеп тұр.


 «Колесников» және «Сейдахметов» ЖК-мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация  қалыптастырған қордың жалпы көлемі 2370 тоннаны, оның ішінде:
- картоп қорының көлемі 1350 тонна;
- сәбіз қорының көлемі 450 тонна;
- қырыққабат қорының көлемі 400 тонна;
- пияз қорының көлемі 170 тонна.

Жалпы сату көлемі 345 тонна, оның ішінде:
- картопты сату көлемі 162,029 тонна, бағасы 150 теңге (көтерме, бөлшек сауда);
- сәбіз сату көлемі 69,868 тонна, бағасы 100 теңге (көтерме, бөлшек сауда);
- қырыққабатты сату көлемі 42,038 тонна, бағасы 70 теңге (көтерме, бөлшек сауда);
- пиязды сату көлемі 71,066 тонна, бағасы 185 теңге (көтерме, бөлшек)