Ордабасы ауданы, Темірлан е/м «Орталық саябақ» абаттандырылып жатыр.Онда жаңа көшеттер қондырылып, халық демалатын орындар жасақталуда.
Аудан орталығында аумағы 720 шаршы метр болатын сахна алаңы жөнделуде. 128 шаршы метрлік трибуна мен субұрқақ жаңғырып жатыр. Бұл жерде сақыналық қойылымдар ұйымдастырылып, жұртшылық рухани азық алатын орынға айлмақ. Саябақ ішіндегі ұзындығы 180 метр болатын каналдың аумағын қоршалған. Сонымен қатар, 9000 шаршы метр аумақты құрайтын жерге жасыл көгал егілуде.
Ауылдың экологиясына оң әсері бар нысан халық көп шоғырланатын орынға айналған. Балалар ойын алаңында балғындар әткеншек теуіп, төбешіктен сырғанап асыр салуда. Ал спорт алаңшасы үлкендердің сүйікті орнына айналған. Аналар ағзасын шынықтырып әңгіме-дүкен құраты.
Саябақ ішіндегі жасыл желектерді суғаратын, ұзындығы 2 217 метр болатын су жүйелері жөндеуден өткізілуде. Жалпы, аудан орталығындағы орталық көшелерге 44 мыңнан астам түрлі гүлдер егілген. Облыстық табиғат қорғау басқармасының бастамасымен барлық аудандарға жасылаймақ мекемесі арқылы 26 625 даңа түрлі көшеттер таратылып, олар ауданның ауылдық округтеріне таратылып беріліпті.