Қала аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Зиянкестердің тұқымын құрту үшін тиісті жоспар түзілген. Кеміргіштер, кенелер, гүлзарлар мен саябақтарда маса шіркейлерді жою жұмыстар жүргізіледі. Бұл жайында Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров баспасөз брифингінде баяндады.
Кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде дератизациялық іс-шаралар жүргізіледі. Зиянкес масаларға қарсы қала аумағындағы 37 өзен-канал, 11 саябақ, 38 гүлзар мен аллеяларды дезинсекциялау жұмыстары,кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары қызады. Кеміргіштерге қарсы 1 609 740 ш.м – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 ш.м – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылады.
Мегаполисте масаларға қарсы жұмыстар да басталды. Жәндіктердің шығу қауіпі басым ошақтарын осы бастан жояды. Оларға қарсы 1 355 200 ш.м өзен-каналдар, 2 481 650 ш.м саябақтар, 855 064 ш.м гүлзарлар мен аллеялар аумақтары дезинсекцияланады.
Аталған қызметтерді жүзеге асыруға 97 948 997 теңге (оның ішінде кеміргіштерге қарсы 12 489 135 теңге, зиянкес масаларға қарсы 85 459 862 теңге) қаралып, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы, ашық конкурс тәсілімен тиісті іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі таңда, аталған сатып алулар бойынша хабарландырудың қорытынды хаттамалары шығып, жеңімпаз әлеуетті өнім берушілер анықталған. Қаладағы уақ малдар мен ірі қараны тоқыту жұмыстары жүйеленген. Аталған қызметке 50 962 000 теңге қаралған. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 6 автокөлік, 6 бригада жұмылдырылады.