30.01.2015 в 14:09

Президент жанынан тағы бір кеңес құрылады

ҚР Президенті жанындағы Әдебиет бойынша ұлттық кеңес құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Саланы институционалдық қайта құру, басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында елімізде алғаш рет Қазақстан Президенті жанында Әдебиет, өнер бойынша ұлттық кеңесті құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында салалар бойынша көркемдік кеңес құру қарастырылуда»,-деді ведомство басшысы.

Осы орайда министр Ұлттық кеңес мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелерінде кеңес берудің бас органы болатындығын атап өтті. Оның құрамына депутаттар, Үкмет өкілдері, шығармашылық одақтар мен мәдени ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кіретін болады.

Мұнымен қоса, салалар бойынша көркемдік кеңестер мәдениет бағытында бәсекеге қабілетті отандық өнімді құру мақсатында бірлестіктердің қызметін ынталандыру мен бағалауды, үйлестіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде.