14.04.2023 в 14:06

Жанар майға қатысты бақылау күшейтілді

Түркістан облысында жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында полицейлер рейд жүргізуде. Мұндай іс-шаралар Сауран шеп бекеті, Түлкібас ауданы Шақпақ бекеті мен Келес ауданы Қонысбаев кеден бекетінде қолға алынған. Рейдтік шарада полицейлер көліктерді тексеріп, азаматтарға жанар майды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертіп жатыр.