14.04.2023 в 14:10

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістанға келді

Мақта бағасын белгілеуге мемлекеттің құқығы жоқ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының шаруаларымен өткен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Бұл ақ алтын шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жылда көтерілетін түйкілдерінің бірі деп айтуға болады. Министрдің осы сөзінен кейін мақта бағасы оңтүстік диқандарын тағы мазаламай ма? Бұл туралы Ербол Шырақпайұлы не дейді. Тілші әңгімесінде толығырақ.

 

Биыл Түркістан облысының аграрлық-өнеркәсіптік кешенін субсидиялауға 40 млрд теңге жұмсалады. Жалпы еліміз бойынша саланы мемлекеттік қолдауға 400 млрд теңге бағытталмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сондай-ақ, шаруалармен өткен кездесуде Ерлан Қарашөкеев бірқатар проблемаларға тоқталды. Соның бірі ағын су тапшылығы. Ол бұл мәселе ұзаққа созылатынын және проблеманы айналып өтетін жалғыз жолды айтты.

 

Сондай-ақ жылыжайлардың проблемалық мәселелері министрліктің ерекше бақылауында тұр. Жылыжай шаруашылықтары тұқымдарға, тыңайтқыштарға және пестицидтерге субсидия алуға құқылы. Сондай-ақ, инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындардың 25% тамшылатып суару жүйелерін құру және кеңейту кезінде 50% өтеу көзделген. Сонымен қатар, министр мақта шаруашылығына қатысты да мәлімдеме жасады.

 

Одан бөлек, министр субсидия үлестіру жұмысында да кемшілік барын жасырмад. Қазіргі таңда, осыған қатысты келіп түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар жедел түрде пысықталып, жойылатынын еске салды. Осы бағытта 6 телеграмм-канал құрылып, Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылған. Айта кетсек, Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Ербол Қарашөкеев өңірдің бірнеше шаруа қожалықтарын аралап көрді.