Шымкентте жыл басынан бері короновирус инфекциясын жұқтырған 203 адам тіркелген. Оның 195-нен аурудың анық белгілері байқалған. Өкінішке орай, кәмелет жасына толмаған балалардың арасында жұқпаның түр-түрі жиі кездесуде. Осы орайда, санитар мамандар арқаны әлі де болса, кеңге салуға ерте екенін айтады.
Вирустың түрі көбейген сайын ақ халаттылар алаңдаушылық білдіруде. Әсіресе, жасөспірімдердің арасында жиі кездесіп жатқан жұқпаның түрлерімен танысып үлгере алмай жатырмыз, деген олар тұмау сияқты басталып, өкпені бірер күнде деміктіріп жіберетін COVID-19 инфекциясының қандай да бір белгілері байқалса, тез арада дәрігерді үйге шақыртуларын ескертеді.
Дүние жүзіндегі локдаунға байланысты жоспарлы вакцинациялау уақыты бұзылғаны белгілі. Осы орайда, екпенің маңыздылығына тоқталған санитар мамандар, вирустың бетін қайтаруда бірден-бір жол осы, дейді. Әзірге, бізде тек американың faizer вакцинасы ғана егіліп жатыр екен.
Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы тұрақты. Жыл басынан бері 203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 195-і симптомды болса, 8-і симптомсыз. Осы аралықта шаһарда пневмониямен 17 адам ауырып ауруханаға түсіпті. Қалалықтар мен қонақтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған санитарлар арқаны кеңге салуға әлі де ерте екенін айтады.