Елімізде жалпыға бірдей Декларациялау жүйесі кезең кезеңімен жүзеге асып келеді. Ен мемлекетпен қамтамасыз етілетін мекеме қызметкерлері мен акционерлік қоғам өкілдеріде дүние мүлкін декларациялайды. Осы бағытта мегаполисте қандай шаруалар атқарылып жатыр? Тақырыпты тілші тарқатып айтады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021-ші жылдың бірінші қаңтарынан басталды. Онда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары қатысты. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және соларға теңестірілген тұлғалар дүние мүлкі жайында ақпарат берді.
Екінші кезең бүгінгі күні жүзеге асырылып жатыр. Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны тапсырғаннан кейін есептік салық 31-ші желтоқсанда мүлік туралы табыс етіледі.
Алдағы жылдары елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші төртінші кезеңі жүзеге асатын болады. Онда заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірістер департаментіне мүлкі жайвнда құжат тапсырады. Дара кәсіпкерлерде үшінші кезеңде декларация тапчырады. Ал төртінші кезеңде қалған санаттағы азаматтар қамтылатын болады. Осылайша елімізде көлеңкелі экономикаға түбегейлі тосқауыл қойылады.