02.05.2023 в 15:42

Футболдан ел кубогына арналған жарыс өтті

Футболдан ел кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалы өтті. «Ордабасы» командасы Қажымұхан атындағы стадионда, Түркістан облысының «Мақтаарал» командасымен кездесті. Нәтижесінде 1-4 есебімен жеңіп шықты. Ал Түркістанның Тұран командасы Каспиймен кездесіп қосымшы берілген уақытта жеңіске жетті. Есеп 2-1.

 

Ел кубогының 1/8 финалының қарымта кездесуінде Ордабасы мен Мақтаарал командалары арасында аса тартысты ойын өтті. Шымкенттің "Ордабасы" командасы "Мақтаарал" футболшыларына басымдық танытты. Дегенмен Мақтарал ойыншылары алғаш болып есеп ашып ширек финалға берілетін жолдаманы жеңіп ала жаздады. Дегенмен Асқат Тағыберген бастаған жігіттер мүмкіндікті қолдан бермеді. Алғаш болып Еркебұлан Тұңғышбаев баспен бағыттап есепті теңестірді. Бұдан соң Асқат Тағыберген 11 метрлік айып добынан өз командасын алға шығарды. Осыдан кейін толық басымдыққа ие болған Шымкенттік футболшылар 1-4 есебімен ұтып Ширек финалға берілетін жолдаманы жұлып алды.

 

Ал бірінші лигадан бері жеңілмей келе жатқан Түркістанның Тұран командасы асқан шеберлік танытты. Олар бірінші кездесуде Каспийді 1-0 есебімен ұтып,қарымта кездесуде тең түсседе жарысты жалғастыратын еді. Алайда Премьерлигада ойнайтын Каспий футболшылры ондай шешіммен келіспейтінін білдіріп Есепте басымдыққа ие болды. Екі команданың бірі жеңіске жету үшін қосымша уақыт белгіленді. Осы сәтте жергілікті жанкүйерлердің үлкен қолдауына ие болған Әлібек Нұртаев басқаратын Тұран футболшылары жеңіс голын салды. Голдың авторы жас талант Нұрғайни Бөрібаев осылайша 2-1 есебімен тамаша жеңіске жеткен Тұран футболшылары ¼ финалға шықты. Енді 17 мамыр күні ширек финалдың ойындары өтеді. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!