04.05.2023 в 00:16

Тұрғындардың 80% медициналық сақтандырылған

Шымкентте 226 мыңнан астам азамат әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен сақтандырылмаған. Жауапты мамандар зерделеу жұмысын жүргізу нәтижесінде 59 мыңға жуық тұрғынның қорға жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін анықтаған. Енді ол азаматтар қалтадан қағылып, ақылы медициналық көмек алама? Арна тілшісі жауап іздеп көрді. Сюжетте толығырақ.

Үшінші мегаполис тұрғындарының 80 пайызы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту орталығына ресми тіркеп, мемлекет тарапынан сақтандыру жұмысы жүріп жатыр. Былтыр бұл бағыт бойынша 7 мың азамат тіркелсе, биылғы көрсеткіш 15 мыңға жуықтапты. Жұмыссыздыққа тіркелгендер бүгінде саулығын ойлап, тегін медициналық қызмет алып жатыр.

Махмуд Ахметдов бұрынғы әскери қызметші

- Мен әскери қызметте жұмыс атқарғанмын. Қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен сақтандырылмаған. Сондықтан емханада тегін ем алуыма толықтай мүмкіндік бар. Дәрі-дәрмек те тегін беріледі.

Ал тиісті төлемді аудармағандар жоспарлы тегін медициналық көмектен қағылады. Алайда оларға шұғыл және амбулаторлық қызмет сақтандыру мәртебесіне қарамастан ақысыз көрсетіледі. Биыл мәмске төленетін жарна 5 пайызға өскен. Деседе жұмысшы мен жұмыс берушінің төлейтін пайыздық мөлшері өзгермеген. Жалдамалы жұмысшылар табысынан 2, ал жұмыс беруші 3 пайызын ғана төлейді. Жеке кәсіпкерлердің жарнасы 4900 теңгені құрап отыр.

Биыл мәмс жүйесіне тағыда өзгертулер енгізіліпті. Енді азаматтар төленетін жарнаны бір жылға алдын ала төлеп қоюға мүмкіндігі бар екен.

Айта өтейік, заңға сәйкес 15 санатқа жататын азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет аударады. Бүгінде қала тұрғындарының 50 пайызға жуығы осы санаттағылар.