10.05.2023 в 13:48

Ер азаматтар құрметке бөленді

Қос мерекеде үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін ер азаматтар құрметке бөленді. Альянстың арулары концерттік бағдарлама ұйымдастырып азаматтарын ардақтады. Тақырыпты тілші тарқатады.

 

Шымкент қаласында Заңды тұлғалар бірлестігі азаматтық альянс ұжымы 57 үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді. Соның ішінде 12 ұйымды ер азаматтар құрайды. Олардың ішінде соғыс ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, Семей сынақ, Чернобыл куәгерлері бар. Бұл жолғы жиынға сол ұйым басшылары шақыртылған.

Сұрапыл соғыс талай отбасыға қайғы әкелген. Бүгінгі таңда көршілес мемлекеттерде әліде ессез соғыс өрті өршіп тұр. Жиынға келген нәзік жандылар ел тыныштығын қалайды.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері қаламыздағы жастар тәрбиесіне белсене атсалысып келеді. Қарулы күштер ардагеріСерікбай Оңбаев бастаған азаматтар мегаполистегі мактептерді аралап арнайы кездесулер ұйымдастырып жүр. Білім ұяларында патриоттық тәрбиеге байланысты семинар- тренингтер жиі өтеді.