Шымкентте өмір сүретін барлық диаспора өкілі қазақ тілінде сөйлей алады. Тілдерді дамыту орталығының мамандары осылай дейді. Олардың зерттеуі бойынша, қазақ тілінің қолданылу аясы үшінші мегаполисте кең. Бүгін «Ана тілі және отбасы» байқауы қорытындыланды. Жыл сайын өтетін шараның маңызы туралы сюжет көрсек.
Байқау сәуір айының соңғы аптасында өткен. Шаһардың 10 мектебі қатысқан. 1 аптада 2 мектептен аралап, қазылар алқасы бағалап жүрген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздіктер қатарында Сайрам тұрғын алабының оқу ордалары көп.
Қазақ тұрмысындағы әжелер мектебінің үлгісін көрсеткен бұл мектептен 100 оқушы байқауға қатысқан. Балалар түгел қазақ тілін жетік біледі. Көбі – өзбек ұлтының өкілдері.
«Ана тілі және отбасы» байқауының басты мақсаты – қазақ тілінің ауқымын кеңейту. Дәстүр мен салтты, ырым мен тыйымды дәріптеу. Байқаудың бас жүлдесін алғандарға теледидар, бірінші орынға ноутбук, түрлі гаджеттер, веб-камералар берілді. 1998 жылдан өткізіліп жатқан конкурс алдағы уақытта жалғаса береді.
Лаура Сарман