Қала шетіндегі шағын аудандардың бірі Құрсайдан заманауи үлгідегі емхана бой көтеруде. Тәулігіне 450 адамға дейін қабылдайтын медицина мекемесінің бүгінде іргетасы қалануда. Бұйыртса, келесі жылдың ортасына таман пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған нысан Құрсай және Қазығұрт шағын аудандарының халқына қызмет көрсетеді.
2 кезең бойынша іске асатын құрылыстың жалпы аумағы 7500 шаршы метрді құрауда. Алдымен тәулігіне 450 адамға дейін қабылдайтын типтік негіздегі емхананы іске қосуды жоспарлап отырған инвестор, 2 кезең бойынша 100 төсек орынға арналған аурухана салуды көздеп отыр екен. Бүгінде, емхананың іргетасы қалануда. Бұйыртса, келесі жылдың ортасына таман пайдалануға беріледі деп жоспарланған медицина мекемесі Құрсай және Қазығұрт елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетпек.
Ал, емхана жанындағы аурухана құрылысы келесі жылдың соңына қарай басталады деп күтілуде. Онда, заманауи үлгідегі қондырғылар орнатылып, халықтың толықтай ем алуына барлық жағдай жасалмақ. Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан тілшілер, БМК каналының күрделі жөндеуінің куәсі болды. Ұзындығы 22,5 шақырымға ұласқан арнаның бүгінде 21 шақырымда кеңейту және тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Бастауын Бадам су қоймасынан алатын арна арқылы сайрамдық шаруалар егістік алқабын суаруда. Соңғы нүктесі - Дендрологиялық саябақтың қос көлі.